$ 449.58  486.94  4.86

Қазақ күйі мен киіз үйі ЮНЕСКО тізіміне енді

ЮНЕСКО қазақ өнеріне жоғары баға берді, деп хабарлайды SkifNews.kz.

БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы - ЮНЕСКО қазақтың домбырамен күй тарту өнерін, қазақ және қырғыз халықтарының киіз үй дайындау өнерін бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне енгізді, деп хабарлайды «Азаттық Радиосы».

ЮНЕСКО-ның Алматы бюросының мәдениет жөніндегі маманы Юрий Пешковтың хабарлауынша, бұл шешім ұйымның Париждегі штаб-пәтерінде қарашаның 26-сы күні өткен жиында қабылданған.

«Бұл − Қазақстан тарапынан жасалған және мақұлданған бірінші номинация. Негізі ол жақта кәдімгідей қатаң іріктеу болады»,  деді Юрий Пешков

ЮНЕСКО сайтында домбырада күй тарту өнерін жиын-той не мейрам кезінде орындалатын, адамдарды тарихи тамырымен және дәстүрімен байланыстыратын маңызды әлеуметтік және мәдени мұра ретінде сипаттаған.

Ал қазақ пен қырғыздың киіз үй жасау білімі мен машығы  жалпыадамзаттық құндылықтарға, әріптестікке, шығармашылыққа септесетін өнер ретінде, киіз үй  отбасы мен қонақжайлықтықтың нышаны ретінде сипаттаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары