$ 443.85  474.3  4.8

Оралда машина бес қабатты тұрғын үйге соғылған

Батыс Қазақстанда үш азамат жол апатынан зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Bnews.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, жол апаты Оралда 27 қараша күні таңертең болған. Әбілқайыр хан даңғылы мен Сергей Тюленин көшесінің қиылысында «Opel Astra» мен «Seat Alhambra» көліктері соқтығысып қалды. Соқтығыстан кейін «Seat» автокөлігі жоғары жылдамдықпен бес қабатты үйдің қабырғасына кіріп кеткен. Апат салдарынан автокөліктің бірінің алдыңғы дөңгелегі ұшып кеткен.

Жол апатынан үш адам зардап шекті. Олар облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Полицейлер ЖКО-ға кінәлі азаматты іздестіруде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары