$ 446.49  475.38  4.79

Қостанай облысында пойыз бен автокөлік соқтығысты

Арқалықта пойыз бен Subaru Forester көлігі соқтығысып, бір азамат аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды , деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 27 қараша күні 217-теміржол өткелінде болған. Ал пойыз бен автокөліктің соқтығысқаны туралы хабар Арқалық ішкі істер басқармасына 15.12-де келіп түскен.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, апат салдарынан автокөліктің 1968 жылғы жүргізушісі – Амангелді ауданының тұрғыны түрлі деңгейде жарақат алып, аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Оқиға орнында Арқалық ІІБ жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлайды  облыстық баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, пойыздың көлікпен басқа соқтығысуы  осымен екінші рет тіркеліп отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары