$ 447.4  477.55  4.76

Зейнеткер әйел өз келінін үтікпен ұрып өлтірді

Қостанай облысында өз келінін өлтірген 86 жастағы зейнеткерге үкім шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz Қостанай облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудный қалалық соты 86 жастағы Зинаида Васеваны өз келінін үтікпен ұрып өлтіргені үшін бір жылға шартты түрде жаза кесті.

Осыған дейін 86 жастағы Зинаида Васева келінін өлтіргенін тәртіп сақшыларына өзі хабарлап, болған жайтты оларға баяндап берген болатын.

Қарияның  айтуынша, оның сотты болған  баласы мен әйелі оған өз пәтерін сыйға тартуда талап еткен. Баласы оны бірнеше рет қорқытып, көңілдесі Алена Ткаченкоға солай етуді тапсырған.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға кемпірдің баласы жұмысқа кеткенде болған. Осы уақытта ол келінімен үйде жалғыз қалады. Зейнеткердің айтуынша, ол дәрі ішіп, ұйықтап қалған. Бір кезде кеудесіне біреудің қолы тигенін сезеді. Көзін ашса, алдында қолына пышақ ұстаған келіні тұрады. Келіні оны пышақтамақ болады, алайда кемпір оған қарсылық көрсетеді.  Зинаида Васева осы уақытта қолына ілінген үтікпен қарсыласының басынан есі танғанша ұра береді. Бұдан кейін зейнеткер ұйықтап қалады. Кейін ол болған жайтты полицияға хабарлайды.

Қостанай облыстық сотының ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, келіні мүгедект және психиатрдың есебінде тұрғандықтан еш жерде жұмыс істемеген. «Тергеу кезінде және кейін сотта анықталғандай, әже сол уақытта көп уақыт бойы қорланып, келінінің кемсітуі мен қорқытуларынан физиологиялық аффект жағдайында болған. Зинаида Васева қасақана кісі өлтіру мақсатында емес, өз ісіне толықтай жауап бере алмайтын жағдайда Ткаченконың басына үтікпен 29 рет соққы жасаған», – деп хабарлайды облыстық соттың өкілдері.

Рудный қалалық соты Зинаида Васеваны «Ашу-ыза үстінде кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыс жасауға айыпты деп танып, оған бір жыл сынақ мерзімімен шартты түрде жаза кесті. Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары