$ 448.15  483.46  4.86

Астанада аса ауыр қылмыс жасаған 77 адам сотталған

Жыл басынан бері Елордада аса ауыр қылым жасаған 77 азаматқа үкім шығарылған. Бұл туралы баспасөз мәслихатында. Бұл туралы  баспасөз мәслихатында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков мәлімдеді.

 

«2014 жылдың тоғыз айында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 75 қылмыстық іс түскен. Есепті кезеңге 14 адамға қатысты 10 іс қалды. Осы кезеңде 95 адамға қатысты 79 қылмыстық іс аяқталды. Оның ішінде 94 адамға 75 іс бойынша үкім шығарылды. Яғни, барлық қаралған істер айыптау үкімімен аяқталды»,– деді Е.Рахымбеков. 

Сот төрағасының айтуынша, айыпталушылардың 97 пайызына қатысты бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Олардың ішінде 77 адам аса ауыр қылмыс жасағаны үшін, 13-і ауыр қылмыс үшін жазаланған. 

«Есепті кезеңге 10 адамға қатысты 6 қылмыстық іс қалды. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық істердің саны бұрынғы деңгейде қалғанын атап өту керек. Бірақ, сотқа тартылған адамдардың саны азайды», – деді сот төрағасы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары