$ 444.22  476.38  4.82

Президент күніне орай жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Бүгін Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне және «Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары – тәуелсіз Қазақстанның идеологиясы» атты кітаптың таныстыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Іс-шараны Д.А.Қонаев Университетінің ректоры, з.ғ.д., профессор Ө.Қ.Қопабаев ашты. Жиынға Қазақстан РеспубликасыныңКонституциялық Кеңесінің төрағасы И.И. Рогов, Конституциялық Кеңестің мүшесі з.ғ.д.,профессор В.А. Малиновский, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессоры,з.ғ.д. С.Б.Булекбаев, «Бірлік» партиясы төрағасының орынбасары Т.С. Сыдыхов қатысты.

 Жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел экономикасын дамытудағы, ұлтаралық тұрақтылықты сақтаудағы,әлеуметтік-мәдени біртұтас мемлекет құрудағы баға жетпес еңбегін ерекше атап өтті.

 Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында э.ғ.к. С.А.Үсеновтің «Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары – тәуелсіз Қазақстанның идеологиясы» атты кітабының таныстыру рәсімі өтті. Автор өз еңбегінде Тәуелсіз Қазақстанның идеологиясының қалыптасуы мен даму тарихын Мемлекет басшысының идеяларымен  байланыстырады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары