$ 444.22  476.38  4.82

Халықаралық сот Әблязовтың компаниясына қатысты түпкілікті шешім шығарды

Халықаралық сот қашқын олигарх Мұхтар Әблязов жанама түрде басқаратын голландиялық KT Asia Investment Groub BV компаниясының Қазақстанға қарсы 1,5 миллиард долларлық талап арызын қабылдамай тастады, – деп хабарлайды  Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың Арнайы комитеті 2014 жылдың 20 қарашасы күні нақты шешім шығарған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін арызданушының мәліметі бойынша, Мұхтар Әблязовтің компаниясы «БТА банкі» АҚ акцияларына KT Asia компаниясына тиесілі 9,99 пайыз миноритарлық пакетінің өзіне алғанын хабарланған болатын. «Қазақстан тарапы KT Asia компаниясының Мұхтар Әблязовқа тиесілі кәсіпорындардың қатарына енетінін дәлелдей алды. Әрі бұл компаниялар активтерді бірі-біріне ауыстыру үшін «қалта» ретінде пайдаланылған», – деп хабарлаған болатын Әділет министрлігі.

Сондай-ақ, KT Asia мен БТА банкінің акцияларын олигархтың  қарызы есебінен нарықтағы құнынан жеті есе аз бағаға сатып алғаны айтылды. «Қарыз сомасы мен оның пайыздары төленбеді. Оның орнына қарыз есептен шығарылып, Мұхтар Әблязовтің өзі KT Asia компаниясының қарызынан құтылуы үшін екі компанияны жойып жіберген», – деп түсіндірді аталмыш министрліктің мамандары.

Талап арыз 2009 жылы берілген. 2013 жылдың 17 қазанында Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың төрелік трибуналы Қазақстанның пайдасына шешім шығарды. Талапкер Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың Арнайы комитетінде бұл шешімге қарсылық білдірді. Арнайы комитет KT Asia Investment Group BV компаниясының Қазақстаннан 1,5 миллиард доллар өндіріп алу туралы талабын е түпкілікті қабылдамай тастады. 

Еске сала кетейік, Мұхтар Әблязов қазір Францияда қамауда отыр. Елдің соты оны Ресейге экстрадициялауға шешім шығарды. ҚР Бас прокуратурасы БТА банкінің бұрынғы басшысын Қазақстанға ре-экстрадициялау жөнінде келіссөз жүргізіліп жатпағанын мәлімдеді. Соған қарамастан, қадағалау ведомствосы Қазақстанның Әблязовті экстрадициялау туралы сұранымы Францияның әділет министрлігінің қарауында жатқанын айтты. 

Қазақстанда Әблязов БТА банкінен алты миллиард доллардан астам ақшаны жымқырды және басқа да ірі қаржылық алаяқтықтар жасады деп айыпталып отыр. Ал Ресей билігі олигархты мемлекеттен бес миллиард долларды, ал Украина 400 миллион долларды жымқырды деген айып тағуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары