$ 444.22  476.38  4.82

33 отандық ғылыми жоба нарыққа шығуға мүмкіндік алған

Отандық ғалымдар нарықтық сұранысқа ие тауарларды жасай бастаған, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Bnews.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, қазақстандық ғалымдар 2014 жылы «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы аясында 1 миллиард 460 миллион теңге сомадағы гранттарды иеленген. 28 қарашада жалпы сомасы 750 млн. теңгені құрайтын гранттарды алған ғылыми жобалардың 17 жеңімпазының есімдері анықталды, гранттар келесі екі бағыт бойынша бөлінді: жүзеге асырылуы 6 айға дейінгі мерзімге 22 млн. теңгеге дейінгі қаржыны алған «Тұжырымдаманың негіздемесі» бағыты және жүзеге асырылуы 2015 жылға дейінгі мерзімге 74 млн. теңгеге дейінгі сомаға «Өнеркәсіптік прототипті құру» бағыты.

2014 жылдың 16 қыркүйегінен бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің Технологияларды коммерцияландыру орталығы Дүниежүзілік банктің қолдау көрсетуімен «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы гранттық бағдарламасының ІІ-ші кезеңі аясында ғылыми-техникалық қызметтің үздік жобаларына байқау өткізген болатын.

Грант комиссиясы Қазақстаннның барлық аймақтарынан келіп түскен 200-ден аса өтінімнің ішіндегі ең қызықты деген 57 шешімді ары қарай іріктеуге өткізді. Грант комиссиясының құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, даму институттарының, Технологияларды коммерцияландыру орталығының өкілдері және «CRDF Global» компаниясының халықаралық сарапшылары кірді.

«Ұсынылған технологиялардың деңгейі өте жоғары болды. Әрине, оларды іріктеу қиынға соқты, алайда, инновациялығына және коммерцияландыру деңгейіне қойылған талаптарға жауап берген технологиялар ғана іріктеп алынды», – дейді «CRDF Global» Азаматтық зерттеулер және дамыту американдық қорының басты сарапшысы Эрик Азулэй.

Көбіне белсенділік Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында байқалды. «Технологияларды коммерцияландырудың тәжірибесі бүгінгі күні қазақстандық зерттеушілердің нарықта сұранысқа ие технологияларды жасап шығаруға қабілетті екенін көрсетіп отыр», – дейді «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС бас директоры Дамир Егізбаев.

Байқауда бір орынға 22 өтінім таласты. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, энергетика және машина жасау, сондай-ақ, табиғи қорларды дұрыс пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу саласындағы бірегей жобалар жеңді.

2014 жылы «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы гранттық бағдарламасының І кезеңінің нәтижесі бойынша 20 млрд. теңгеден астам жалпы сомаға 526 өтінім келіп түскенін еске саламыз, біз олардың ішіндегі 710 млн. теңге сомасындағы 16 жобаға қолдау көрсеттік.

2014 жылы екі кезеңде жалпы есеппен 1 миллиард 460 миллион теңгеге 33 жобаға қолдау көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары