$ 448.89  477.93  4.76

Алматы облысында оқыс оқиғадан жеті адам қаза болды

Талдықорған қаласында аяқ астынан газ жарылып,  салдарынан жеті адам қаза болды, ‒ деп хабарлайды  Skifnews.kz облыстық ТЖД сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша,  қайғылы оқиға 30 қараша күні түнде Еркін ауылындағы үйлердің бірінде болған. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, оқиғадан  жеті адам көз жұмған. Талдықорған қалалық ауруханаға тағы бірнеше адам жеткізілген.

Құзырлы орган өкілдері  болжамынша,  оқиға газ баллонының жарылуынан болуы мүмкін. Қазіргі таңда оқиға орнында тексеру амалдары жүргізілуде.

         

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары