$ 444.32  473.33  4.76

Талдықорғанда газдың жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Талдықорғанда газ балонының жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  Алматы облыстық ІІД  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорған қалалық Ішкі істер басқармасы «Өрт қауіпсіздігі тәртібі сақталмау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Алматы облыстық ІІД тергеу басқармасы жарылыстың не себепті орын алғанын анықтап жатыр. Осыған орай, бірнеше сараптамалық қорытынды да шығарылған.

Полиция қызметкерлері, оқиғадан зардап шеккен 5 адам дәрігерлердің қадағалауында екендігін, ал қалған үш тұрғын медициналық тексеруден өткеннен кейін үйлеріне жіберілгенін айтып отыр.

Бастапқы болжам бойынша, жарылыстың орын алуына газды қолданарда қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Бүгінде төтенше жағдай болған жерде қираған үйді тазарту жұмыстары жүргізілуде. Ол үйдің барлық тұрғындар жергілікті колледждің жатақханасына уақытша орналастырылды.

Әкімдік қайтыс болған әрбір отбасы мүшесі үшін бір миллион теңгеден, ал үйлері қирап шығынға батқан отбасыларына 500 мың теңге көлемінде көмек көрсету туралы шешім қабылдаған. Қаржы облыстық бюджет есебінен өтелмек. Одан бөлек қираған үй толықтай қалпына келтірілетін болады. Алайда үйді толығымен қалыпқа келтіру үшін бір ай уақыт қажет.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары