$ 449.58  486.94  4.86

Пеленің денаулығы оңала бастады

Аты аңызға айналған бразилиялық футбол ардагері Пеленің жағдайы жақсарып келе жатыр, деп хабарлайды «Азаттық радиосы».

Айта кетейік, Ол өткен аптада денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылған болатын. Бүгінде науқас гемодиализ аппаратынан ажыратылған.

Екі аптада бұрын бүйрегіндегі тасты алғызу үшін операция жасатқан 74 жастағы Пеле (шын аты-жөні – Эдсон Арантис ду Насименту) кейін несеп жолдары инфекцияға шалдығып, қайтадан ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір өз-өзіне келген Пеле қарқынды терапиялық ем алуда.

Естеріңізге сала кетейік, Бразилия құрамасының қатарында футболдан 1958, 1962 және 1970 жылдары әлем чемпионы атанған Пеле ойын алаңында бәсекелестің қақпасына мыңнан аса гол соққан. 1999 жылы халықаралық Олимпиада комитеті оны «ғасыр спортшысы» деп атаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары