$ 447.4  477.55  4.76

«Алтын допқа» үміткер футболшылардың есімдері белгілі болды

«Жылдың ең үздік футболшысы» атағына  үміткер спортшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.  

«Р-Спорт» ақпарат  агенттігінің хабарлауынша,  әлем бойынша жылдың ең үздік футболшыларын анықтау мақсатында өткізіліп тұратын «Алтын доптан» үміткер үш футболшының есімі белгілі болды.

ФИФА-ның 2014 жылғы сыйлығын алудан мадридтік «Реалдың» шабуылдаушысы, португалдық Криштиан Роналдо, «Барселона» сұрмергені аргентиналық Лионель Месси, сондай-ақ мюнхендік «Баварияның» және Германия ұлттық құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер үмітті.

«Алтын доп» иегерінің есімі Цюрихте 2015 жылы қаңтардың 12-сі белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, ФИФА бұған дейін жылдың ең үздік футболшысы атағынан үміткер кандидаттардың тізімін жариялаған болатын. Ал ол тізімге енген футболшылар ішінде  «Бавария» мен «Реалдың» ойыншылары көп дауыс жинағанын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, жылдың үздік футболшылары тізіміне мюнхендік клубтан Мануэль Нойер, Марио Гетце, Филипп Лам, Томас Мюллер, Арьен Роббен мен Бастиан Швайнштайгер енген болса, ал «Реалдықтар» арасынан Криштиан Роналдо, Хамес Родригес, Гарет Бэйл, Карим Бензема, Тони Кроос пен Серхио Рамос енген болатын.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша «Алтын доп» португалдық Криштиан Роналдоға бұйырған еді. Ол кезде «Алтын доп» иегері атанудан Криштиан Роналдодан бөлек мюнхендік «Бавария» мен Франция ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Франка Рибери, «Барселона» мен Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси үмітті бола білген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары