$ 443.85  474.3  4.8

Мұнай бағасы одан әрі төмендеуде

Желтоқсанның 1-і күнгі өткен сауда-саттық барысында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 68 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды РБК.

Баға ОПЕК-тің мұнай өндіруде белгіленген квота мөлшері сақтап тұру туралы шешіміне сәйкес төмендеп отыр.

Brent маркалы мұнай құны бір сағат ішінде бірден екі долларға арзандаған. Сауда-саттық барысында мұнайдың әр баррелінің құны 68,28 долларға дейін төмендегенде ғана, нарықта қара алтынға деген сұраныс қайта пайда болып, әр баррелдің құны 60 центке көтерілген. Соған сәйкес мұнай бағасы 68,7 доллар төңірігінде тұрақтаған.

Айта кетейік, бұл 2010 мамыр айыннан бергі ең төменгі көрсеткіш болып есептеледі. Мұндай жағдай Нью Йоркте өткен сауда-саттықта да байқалған. Онда техастық Light Sweet маркалы мұнай бағасы 65 долларға дейін құлдыраған екен.

Сиднейлік консалтингтік CMC Markets фирмасының сарапшысы Майкл Маккарт мұнай нарығы әлі де болса ОПЕК-тің мұнайды өндіру мөлшеріне тәуелді. Оның пікірінше, мұнай нарығына жасалған мұндай шектеулер алдағы бірнеше күн бойы жалғаса бермек.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда өткен ОПЕК саммитіне қатысқан мұнай өндіруші мемлекеттер тәулігіне 30 миллион баррел көлемінде ғана мұнай өндіруге келіскен болатын. Сол саммиттен кейін солтүстік теңіздің Brent маркалы мұнай бағасы 72 долларға дейін төмендеген. Ал арада бірнеше күн өтпей жатып оның құны тағы 2 долларға құлдырап 70 долларға дейін құлдыраған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары