$ 447.4  477.55  4.76

Астана қаласы әкімінің орынбасары ауысты

Бұрыңғы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Андрей Лукин 2-ші желтоқсаннан бастап Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайылдалған. Оған дейін бұл қызметте Ерсайын Нағаспаев отырған.

Андрей Лукин 1961 жылы Целиноград қаласында туған. Ол Целиноград инженерлік-құрылыс институтында «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «заңгер» мамандығы бойынша оқыған.

КСРО тұсында Ақмола қаласы Шығыс бөлімі, Целиноград екінші милиция бөлімінің басшысы. Тәуелсіздік жылдары Астана қаласы тұрғын үй департаметінің басшысы, ҚР индустрия және сауда министрлігі аппаратының құқықтық жұмыс департаментінің басшысы. ҚР индустрия және  сауда вице-министрі, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары