$ 449.58  486.94  4.86

Өтембаев шұғыл түрде реанимацияға жатқызылды

ҚР Парламенті Сенаты аппарытының бұрынғы басшысы, әрі оппозиционер Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіуге қатысы бар деген айыппен 13 жыл бас бостандығынан айырылған Ержан Өтембаев шұғыл түрде реанимацияға жатқызылды деп, хабарлайлы «Қазақстан Жаңалықтары» ақпарат агенттігі.

2014 жылы Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты Өтембаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініншін қанағаттандырған. Ал айыптаушы тарап бұған қарсы жеке арыз жазған болатын. Сәрсенбі күні жәбірленуші тарап Өтембаевтың өтініші қанағанаттандыру туралы отырысқа қатысқан болатын. Астана қаласы аппеляциялық сот алқасының төрағасы Алма Есімова өтінішті кейінге қалдыру туралы шешім шығарды.

«Қазіргі таңда Өтембаев мырза жүрегі ауырып, ауруханада жатыр. Оның осыдан екі-үш күн бұрын жүрек ұстамасы ұстап қалған», – деді Какенов Өтембаевтың не себепті сотқа келмегенін түсіндіріп. Кейін Какенов журналистрге «Бүгінде Ержан Өтембаевтың ауыр халде реанимация бөлімінде жатқандығын» хабарлады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары