Жаңалықтар 03.12.2014 сағат 07:02

Алматыда ер адам өзін-өзі өртемек болды

Алматыдағы «ТигроХауд» сауда үйінде ер адам өзін-өзі өртемек болды,  деп хабарлайды СТВ телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 

Оқиға 2 желтоқсан күні Абай және Алтынсарин даңғылдарының қиылысындағы сауда үйінде болды.

Ер адам сауда үйінің кеңсесіне кіріп, өзіне өзгелер жақындамайтындай етіп, жолды бөгеп тастаған. Содан кейін үстіне және айналасына өзімен бірге алып келген канистрден жанармай құйған. Ол мұндай әрекетке не себеп болғанын айтпады. 

Сауда үйіне қаланың барлық шұғыл әрекет ету қызметі келді. «ТигроХауд» қызметкерлері мен орталыққа келушілер эвакуацияланды. Өртке қарсы қызмет ер адам қамалып алған кеңсе терезесіне бірнеше гидрантты тақап, өртті сөндіруге дайын тұрды. Оқиға орнында «жедел жәрдем» бригадасы мен полицияның 50-ге жуық өкілі кезекшілік атқарды. Біршама уақыттан соң ер адам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне беріліп, өзін-өзі өртемек болған ойынан қайтты. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар