$ 443.85  474.3  4.8

Телеарналарда тілдік тепе-теңдік қатаң сақталатын болады

Алдағы уақытта отандық телеарналарда тілдік тепе-теңдік қатаң бақыланатын болады,  деп хабарлайды Skifnews.kz  ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қазақстандық телеарналарда заңнамадағы тілдік талаптардың сақталуы мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Кеңеске орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері қатысты. Онда отандық телеарналардың эфиріндегі қазақ тілді хабарлардың үлесін арттыру бойынша іс-шаралар, сондай-ақ, тілдік тепе-теңдіктің сақталуына бақылауды күшейту мәселелері қаралды», – делінген хабарламада.

Кеңес қорытындысы бойынша Бердібек Сапарбаев мемлекеттік органдарға тілдер туралы заңнаманың сақталмауына қатысты жауапкершілікке тарту бөлігі бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің нормаларын жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу туралы бірқатар тиісті тапсырмалар берді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары