$ 446.49  475.38  4.79

Маңғыстаудың үздік кәсіпкерлері анықталды

Ақтауда «Табыс-2014» облыстық байқауының аясында үздік кәсіпкерлер анықталды деп хабарлайды Skifnews.kz.

Жаңаөзендік «Бексұлтан» кондитер цехының байқауға қатысып жүргеніне 15 жыл болған. Кәсіпорын кондитерлері әлемнің түрлі елдерінен тәжірібелік тағылымдамадан өтіп жүр. Осылайша, жақында олар Ыстамбұлда нағыз пахлаваны әзірлеуді, ал Дубай мен Бейжің қалаларында – «Тетинис» техникасын (кондитерлік өнімдерді безендіретін мастикадан пішіндер жасау) меңгерді. Олар клиенттерін фототорттар мен торттардың қаптамаларымен қуантып жүргеніне көп болды.

«Жабдықтар мен құралдар ғана емес, өндіріске қажетті өнімдер де Ыстамбұл мен Италиядан әкелінеді. Көптеген инновацияларды және тек табиғи өнімдерді пайдаланамыз», – деп атап өтті кәсіпорынның кондитер-технологы Рита Ермекбаева.

«Кәсіпкер болғаныма бір жылдан асты. Әуелі шағын істен бастадым – менің өндірісім киіз үйлердің шашақтарын жасаумен айналысады. Бірнеше жалдамалы жұмыскерім бар. Өнім сұранысқа ие, өйткені киіз үйді безендіру үшін шашақты жиі жаңартып отырады. Бұл іс жеткілікті табысын беруде. 15 жылдық еңбек өтілі бар бастауыш сыныптардың педагогы, білім ісінің меңгерушісі болғандықтан қалдықтарын лақтырмай, қолдануды шештім. Негізгі өнімнен басқа, ертегілердің сюжеттері мен кейіпкерлері арқау болған картинаны безендіру үшін бояудың орнына кесілген иірілген жіп қолданылатын шығармашылық жиынтықтарын да шығарамын. Бұл балалардың қолының ептілігін дамытады. Бұл жиынтықтар Жаңаөзен қаласының дүңгіршіктерінде сатылады. Оларды «Айгөлек» балабақшасы сатып алды, мұнда ертегі кейіпкерлеріне арналған арнайы бұрыш ұйымдастырылды. Жиынтықтардың арзанға сатылғанын және тұрғындардың көбіне қолжетімді болуын қадағалап жүрмін», – деді бұл байқауға алғаш қатысып отырған кәсіпкер Жәния Әділгереева.

Жеңімпаздар 15 аталым бойынша марапатталды. Осылайша, «Жылдың үздік кәсіпкері» аталымын «Берекет-Ф» ЖШС-нің директоры Зарета Фаталиева жеңіп алды. Ол сауда кәсіпорындарының «Сауда үздігі» республикалық байқауында биылғы жылғы үздік басшы болып танылғанын атап өту керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары