$ 443.35  475.54  4.82

Ақтауда тұрғын үй және жол саласы жаңа бағытта дамитын болады

Ақтау қаласындағы маңызды салаларды дамыту үшін екі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Бірінші меморандумға «Каспий Тас Жол» ЖШС-нің директоры Ерболат Мергенбаев пен Маңғыстау облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Өркен Бисақаев қол қойды. Жаңа кәсіпорын сағатына 160 тонна асфальттық қоспа шығаруға дайын. 

«Жаңа экономикалық саясат міндеттерінің арасында көліктік-логистикалық саланы дамытудың мәні ерекше. Маңғыстау облысы Қазақстанның батысы мен теңіз жағалауында ірі көліктік хаб ретінде қалыптасуы керек. Бұл ретте жолдарға бірінші кезектегі рөл беріледі. Бүгінде сапалы, берік, ұзақ пайдаланылатын жол төсемі қажет. Жаңа өндірістерді ашу және меморандумдарға қол қоюдың бұл міндеттерді шешуде алатын орны ерекше», − деп атап өтті Өркен Бисақаев.

Екінші меморандум «КИС-Ақтау» ЖШС-нің директоры Алмас Сатанов пен Маңғыстау облысы құрылыс басқармасының басшысы Орақ Аяпов қол қойды. Меморандумның міндеті − «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында тұрғын үйлерді сапалы әрі тез салу үшін ішкі нарыққа индустриялық құрылыс комбинатының өнімдерін шығаруға бағыттау. 

Бірінші меморандумға «Каспий Тас Жол» ЖШС-нің директоры Ерболат Мергенбаев пен Маңғыстау облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Өркен Бисақаев қол қойды. Жаңа кәсіпорын сағатына 160 тонна асфальттық қоспа шығаруға дайын. 

«Жаңа экономикалық саясат міндеттерінің арасында көліктік-логистикалық саланы дамытудың мәні ерекше. Маңғыстау облысы Қазақстанның батысы мен теңіз жағалауында ірі көліктік хаб ретінде қалыптасуы керек. Бұл ретте жолдарға бірінші кезектегі рөл беріледі. Бүгінде сапалы, берік, ұзақ пайдаланылатын жол төсемі қажет. Жаңа өндірістерді ашу және меморандумдарға қол қоюдың бұл міндеттерді шешуде алатын орны ерекше», − деп атап өтті Өркен Бисақаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары