$ 449.58  486.94  4.86

Тұңғыш Президенті күні Маңғыстау облысының үздік полиция қызметкерлері марапатталды

Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті үздік 300 тәртіп сақшысын марапаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде шаттық кесте бойынша 2000 адам қызмет етеді. Бүгін өз қызметінде кәсіби шеберлегімен, ерен еңбегімен танылған қызметкердің 300-іне арнайы марапат беріліп, құрмет көрсетілді. 

ҚР Тұңғыш Прзеиденті күніне байланысты ішкі істер органдарында көп жылғы мінсіз еңбегі үшін Ішкі істер министрінің бұйырғымен «Ішкі істер органдарының үздігі» 2-дәрежелі төс белгісімен Түпқараған ауданы ІІБ басшысының орынбасары подполковник Г.Тәңірбергенов пен полиция мойоры Н.Мереев марапатталды. Министрдің осы бұйрығымен Ақтау қалалық ІІБ-нің аға инспекторы мойор Жанар Қонақбаеваға полиция подполковнигі шені берілді.Әрі мойор Берік Жұмағалиға да подполковник шені мезгілінен бұрын берілді. 

«Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалімен полиция полковнигі, Тергеу басқарма басшысы Р.Айнабеков, Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқарма басшысы подполковник А.Сисеналиев пен мойор Э.Рамазанов марапатталды. Ал Амангелді Халмұрадов ІІМ Құрмет грамотасымен марапатталды. 

Ақтау қалалық Ауған соғысы ардагерлерінің «Боевое братство» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мәтжан Шаулиев 6 полиция қызметкерін Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен марапаттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары