$ 444.22  476.38  4.82

Маңғыстау облысының мұғалімдері экологиялық білімдерін көтеруде

Маңғыстау  облысының 150 мұғалімі экологиялық білімін тереңдетті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Аймақтың барлық қалалары мен аудандарының 150 ұстазын оқыту өткен жылы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы жасаған «Қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты дамыту саласында тоқтаусыз білім беру» бағдарламасының арқасында басталған болатын.

Бұл бағдарлама 2015 жылға дейін есептелген. Аталған басқарма семинарларды өткізуге тапсырыс беруші ретінде, ал «Эко Маңғыстау» ҮЕМ орындаушы ретінде қатысты. 2013 жылы бірнеше күнге жалғасқан семинарлар барысында жалпы экология басты акцентке айналды, ал 2014 жылы облыстың мүмкіндіктерін ескере отырып, туристік кластермен анықталған экологиялық туризм назарға алынды.

Дәл осы басқармамен әдістемелік құралдар шығарылды. Олар мұғалімдерге өлкетану, жаратылыстану, қосымша сабақтар бойынша алғашқы сабақтарын өткізуге көмектесті. Онда олар оқушылармен алған білімдерімен бөлісіп, өздері қосымша дағдылар мен тәжірибе алды.«Тренингтер мемлекеттік тілде өтті. Ол бізге ауылды жерлердегі, соның ішінде шалғайдағы және халық аз шоғырланған ауылдардан келген мұғалімдерді қамтуға мүмкіндік берді. Олар экология, тұрақты даму мен экологиялық туризм сұрақтары бойынша біліктіліктерін арттырды. Мұғалімдер оларды міндетті және қосымша білім беру жүйесінде қолдана алады», – деп атап өтті «Эко Маңғыстау» ҮЕМ директоры Кирилл Осин.

Мұғалімдерге салтанатты жағдайда сертификатар табысталды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары