$ 447.4  477.55  4.76

Илья Ильин «Жыл спортшысы» атанды

Илья Ильин «2014 жылғы спортшы» номинациясында «Алтын адам» сыйлығына ие болды деп хабаралайды Skifnews.kz.

Bnews.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ауыр атлетикадан екі дүркін олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы» жобасында – «2014 жылғы спортшы» номинациясында «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанған.

Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазған.

Естеріңізге сала кетейік, 26 жастағы қызылордалық спортшы биыл Алматыда өткен әлем чемпионатында үздік атлет атанған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары