$ 498.34  519.72  4.85

Түркияда Гүленге қатысы бар деген күдікпен 113 мың адам ұсталып, 800 адам қашып кеткен

Түркияда 2016 жылғы төңкеріс әрекетінен кейін 113 мыңнан астам тұрғын діндар Фетхулла Гүленмен байланысы бар деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы RT агенттігі хабарлап отыр.

Түркия ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлудың айтуынша, қамалғандардың арасында 10 732 полицей, 7 643 әскери қызметкер, 170 генерал, 2,5 мың прокурор мен судья, 208 шенеунік және 26 мың қарапайым азамат бар. Осы күнге дейін барлығы 113 мыңнан аса адам ұсталып, 863 адамға іздеу жарияланған.

Ұсталғандардың 65 мыңы тергеуден кейін босатылса, тағы 47 мың адам әліге дейін қамауда отыр. Қаңтар айында елдегі бірнеше офицердің соты өтіп, олардың бәрі өмір бойына сотталған болатын.

Айта кетейік, Түркияда билікті күшпен басып алу әрекеті 2016 жылдың 16 шілдесінде орын алған еді. Негізгі қақтығыстар Стамбұл мен Анкарада өтті. Барлығы 240 Түркия азаматы осы көтеріліс кезінде қаза тапса, 2 мыңдайы жараланған. Билік болса халықтың көмегімен төңкерісті басып-жаншып, оның артында АҚШ-қа қашып кеткен діндар Фетхулла Гүленнің тұрғанын ресми мәлімдеді. Гүлен болса әліге дейін ақталып әлек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары