$ 498.34  519.72  4.85

Колумбияда сел жүріп, 250 адам қайтыс болды

Колумбияда су тасқынының соңынан сел жүріп, жүздеген адам лай астында қалып кетті. Соңғы дерек бойынша 254 адам қайтыс болған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Бұған дейін құтқарушылар 154 адамның көз жұмғанын айтқан болатын.

Жарақат алған адамдар саны 400-ден асып жығылады. Тағы 200 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында.

Табиғи апат Колумбияның оңтүстік-батысындағы Путумайо провинциясының орталығы Мокоа қаласында орын алды. Толассыз жауған жаңбырдан кейін өзен арнасынан асып, лай көшкіні жүрген.

Провинцияның 17 ауданында қазір құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 1100 әскери мен полицейлер жұмылдырылған. Мокоа қаласына Колумбмя президенті Хуан Мануэль Сантос келіп, жағдайды өз көзімен бақылауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары