$ 446.49  475.38  4.79

Өскемендегі сауда орталығында суық қаруланған жігіт ұсталды

Кеше Өскеменде кешкі уақытта жергілікті тұрғынды ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Полицейлер жергілікті тұрғынды ірі сауда орталығының алдында ұстаған. Ер адамның қолында пышақ пен мылтық болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, Daniel сауда орталығындағы арнайы операция жайлы әлеуметтік желі қолданушылары хабарлады. "Daniel сауда орталығы қоршауға алынды. Полицейлер ешкімді өткізбей жатыр. Қаруланған жігітті ұстаған көрінеді. Кім не біледі?", - деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ІІД кезекші бөліміне облыстың 20 жастағы тұрғынының тіркелмеген қаруды сақтап жүргені жайлы жедел хабарлама келіп түскен.

"Ер адамды сауда орталығында ұстады. Жедел қызметкерлер жұмыс жүргізу барысында мылтық мен суық қару тапқан. Сауда орталығы мен ондағы аумақтың барлығы полицейлердің жұмысы үшін қоршауға алынды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталады. Ұсталған ер адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар ма, жоқ па тексеріліп жатыр", - деді ШҚО ІІД.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, полицейлер қазіргі уақытта ер адамға мұндай қарулардың неліктен қажет болғанын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары