$ 442.05  474.14  4.74

Шешенстанда бірде-бір гей жоқ — Альви Каримов

Қазақстандағы ЛГБТ-қоғамдастығы өз қатарларының 1,5 миллионға адамға жеткенін айтып жұрттың жағасын ұстатқаны кеше ғана. Ал, Шешенстан президентінің баспасөз хатшысы Альви Каримов болса өз елінде бірде-бір гейдің жоқ екенін айтып мақтанып отыр.

Айта кетейік, 1 сәуір күні ресейлік БАҚ өкілдері Шешенстанда гомосексуалдарды полиция жаппай ұстап жатыр деген мәлімет таратқан болатын. Бұл ақпаратты ресми органдар растамағанымен, жоққа да шығармады. Тіпті, президент Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та бұл жайтқа қатысты толыққанды жауап бере алған жоқ.

«Бұл құқық қорғау органдарына қатысты сауал. Кремльдің күн тәртібіндегі мәселе емес. Дегенмен, ақпараттың рас-өтірігі әлі анықталатын болады», — деді Песков.

1 сәуір күні «Новая газета» басылымы Шешенстанда соңғы бірнеше аптадан бері гейлерді жаппай ұстау шаралары жүргізілгенін хабарлаған болатын. Газет тілшілері Шешенстан Республикасы Ішкі істер министрлігіндегі өз дереккөздеріне сілтеме жасаған. Ал, мемлекет басшысы Рамзан Қадыровтың баспасөз хатшысы Албви Каримов болса Шешенстанда бірде-бір гейдің жоқ екеніне сенімді.

«Егер біздің елде мұндай адамдар болған жағдайда тәртіп сақшылары оларға басын да ауыртпайды. Өйткені, оларды туыстарының өздері-ақ қайта келмейтін жаққа қуып жіберер еді», — деді Каримов.

Айта кетейік, күні кеше Қазақстандағы ЛГБТ-қоғамдастығы ҚР Бас прокуроры Жақып Асановқа ашық хат жазып, гомосексуалдардың құқықтары тапталып жатқанына шағымданған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары