$ 447.4  477.55  4.76

Санкт-Петербург метросында жарылыс болды: қаза тапқандар саны өсуде

Санкт-Петербург қаласындағы метрополитенде жарылыс болып, 10 адам қаза тапты. Бұл туралы ресейлік БАҚ өкілдері жазуда.

РИА Новости тілшілерінің хабарлауынша, жарылыс «Сеная площадь» станциясында орын алған. Оқиға орнында қазір құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

РИА ФАН порталының мәліметінше екінші жарылғыш зат «Технологический институт» станциясында іске қосылған. Қазіргі таңда «Садовая», «Площадь восстания», «Сеная площадь» және «Технологический институт» станциялары толықтай жабылған.

«Росбалт» порталы болса метро вагонында белгісіз заттың жарылғанын жазды. Соңғы мәлімет бойынша, 10 адам қаза тауып, 50-ден астамы жараланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары