$ 441.66  475.14  4.86

Ресейдегі теракт құрбандарының саны 14 адамға жетті

Санкт-Петербург метросында орын алған жарылыстан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті деп хабарлайды ТАСС РФ Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцоваға сілтеме жасап.

«Бүгінгі уақытта 14 адамның қаза тапқаны белгілі болып отыр. 11-і оқиға орнында, үшеуі аса ауыр халде ауруханаға барар жолда көз жұмған», — деді министр.

Оның айтуынша, жарақат алған өзге адамдарға қажетті көмектің бәрі көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда, науқастар тегін дәрі-дәрмекпен, қанмен қамтамасыз етіліп, күнделікті бақылауға алынған. Дәл қазіргі таңда 49 адамның ауруханада жатқаны белгілі. Тағы 13 адам дәрігерлер қарауынан кейін үйлеріне қайтарылған.

Еске салайық, 3 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 14:30-да Санкт-Петербург қаласындағы метро станциясында жарылыс болды. Ел билігі аталған оқиғаға теракт деген баға беріп отыр. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, жарылғыш затты жанкешті іске қосқан. Оның Қырғызстан тумасы екені де анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары