$ 443.85  474.3  4.8

Ресейдегі терактіні Қырғызстан тумасы жасағаны белгілі болды

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі кеше Санкт-Петербургтегі терактіні Ош қаласының тумасы – 23 жастағы Акбаржон Джалиловтың жасағанын растады. Бұл туралы Zanoza.kg порталы хабарлап отыр. Жанкешті өзін метро вагонының ішінде жарып жіберген.

Құзырлы органның мәліметінше, лаңкес 1995 жылы 1 сәуір күні дүниеге келген. Ол Ресей азаматтығын алған, бірақ, нақты қай жылы екені әзірге белгісіз. Бұған дейін қандай да бір лаңкестік ұйымға мүше болғандығы туралы да ақпарат жоқ.

Қазір Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік әріптестерімен бірлесе жұмыс жүргізіп жатыр.

Еске салайық, кеше Мәскеу уақытымен 14:30 шамасында орын алған террористік оқиғадан Санкт-Петербургте 11 адам қаза тауып, 50-ге жуығы жараланған болатын. Қайтыс болғандар арасында Қазақстан азаматы болуы мүмкін. 22 жастағы алматылық студентті іздеу жұмыстары қазір жалғасып жатыр. Болжам бойынша, ол тура жарылыстың ортасында болған, сондықтан оның денесін танып-білу қиындықтар туғызып жатқан болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары