$ 444.22  476.38  4.82

Астанада түнде қатынайтын автобус жолға шығатын болды

Сәуірдің 7-сінен 8-не қараған түні тестілік режимде «Теміржол вокзалы – Халықаралық әуежай» арасында № 200 түнгі бағдар еңгізіледі. Бұл туралы Астана қалалық әкімдігінің ресми сайтында жазылған.

Астана қаласының Жолаушылар тасымалы басқармасының хабарлауынша, бағдар «Теміржол вокзалы – Біржан сал көшесі – Жеңіс даңғылы – Кенесары көшесі – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі – Тұран даңғылы – Достық көшесі – Қабанбай батыр даңғылы – «Пригородный» т/а – Халықаралық әуежай» арқылы жүреді. Жол жүру ақысы 150 теңгені құрайды. Қозғалыс аралығы: 30 - 60 минут.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары