$ 449.58  486.94  4.86

ОҚО-да есірткі сатқан азамат 10 жылға сотталды

ОҚО-да бұрын істі болған азамат есірткі өнімін сатқаны үшін қатаң жаза алды деп хабарлайды, Skifnews.kz.

«Bnews.kz» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысында есірткіні сақтап, сатқан азамат облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырған. 

Есірткі затымен ұсталған Ерлан Рсымбетов бұрын да істі болған. Алада тәртіпке бағынбай тағы ауыр қылмыс жасады. Есірткі затын сату мақсатында 1, 04 грамм героинді заңсыз иемденіп, сақтап, өз әрекетімен ҚР ҚК-нің 259 бабының 3-бөлігі «в» тармағында қарастырылған қылмысты жасаған.

«Ерлан Рсымбетов есірткі сатқаны үшін жеке мүлкі тәркілене отырып 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтесін», –делінген сот үкімінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары