$ 448.15  483.46  4.86

Полицей погонын жұлып алған мұғалім ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында қоғамдық тәртіпті бұзған колледж мұғалімі полицейдің погонын жұлып, қол көтерген деп хабарлайды Bnews.kz.  

Осы әрекеті үшін ол 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлімдеді.

Салтанат Қаракөзованың айтуынша, 2 желтоқсан күні Шұбарсу ауылында қоғамдық тәртіпті бұзған колледж мұғалімі өзінің қызметтік міндетін орындап жүрген полицейдің погонын жұлып, қол көтергені үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Бүгінде аталған жайт бойынша ҚР ҚК 321-бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілуде. Егер колледж мұғалімінің айыбы дәлелденсе, 200 айлық есептiк көрсеткiштен 500 айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оған қатысты өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш қолданғандар 5 жылдан 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады», − дейді Салтанат Қаракөзова.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары