10.12.2014, 10:12

Головкин жанкүйерлерін тағы да қуантты

Сурет. vk/ggolovkin

Мексикада қазақстандық кәсіпқой боксшы Генадий Головкинге WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) версиясы бойынша уақытша чемпион атағы берілді, деп хабарлайды «Азаттық радиосы».

Уақытша чемпион белдігін Головкинге WBC президенті Маурисио Сулаймен табыстады. Бұл атақ Головкинге мексикалық Марко Антонио Рубионы жеңгеннен кейін беріліп отыр. Головкин бұл уақытша атақты толық иелену үшін алдағы кездесулерінде жеңілмеуі керек.

Бүгінде Головкин − орта салмақта WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы) және IBO (Халықаралық бокс қауымдастығы) тұжырымы бойынша толыққанды чемпион.

Айта кетейік, Геннадий Головкин келесі кездесуін 2015 жылғы ақпанның 21-інде Монте-Карлода ұлыбританиялық Мартин Мюрреймен өткізеді.