$ 446.49  475.38  4.79

«Дакар-2015» жарысына қазақстандық 4 экипаж қатысады

4 қаңтарда «Дакар-2015»Буэнос-Айрес қаласынан басталып, қорытынды кезеңі 17 қаңтарда осы қалада аяқталады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының төрағасы Владимир Смирнов мәлімдеді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Оның айтуынша, жарыс Аргентина, Чили және Боливия жерлерін басып өтеді.

Жол талғамайтын көліктер категориясы бойынша Т1 санатындағы екі экипаж қатысады. Олар MINI автокөлігіндегі жүргізуші Айдын Рахымбаев пен штурман Антон Николаев. ал Toyota Overdrive көлігімен жүргізуші Бауыржан Исабаев пен штурман Владимир Демяненко.

Т2 санатында (жеңіл көліктер) Денис Березовский мен Игнат Фальков қатысады. Жүк көлігі (Т4) санатында «Дакар-2012»-нің қола жүлдегері жүргізуші Артур Ардавичус, штурман Алексей Никижев және механик Даниэль Козловский бақ сынайды. Олардың көлігі – 515 нөмірлі Tatra.

Айта кетейік, 2015 жылғы «Дакарға» әлемнің 50 елінен 450 экипаж қатысады. Олар 9 мың шақырымды жүріп өтулері керек. Бұл жолдың 5 мыңға жуық шақырымы аса жылдам жүруге арналған арнайы аймақтар болмақ. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары