$ 447.4  477.55  4.76

2015 жылғы Астана қаласының бюджеті 335,1 млрд. теңгені құрайды

Бүгін қалалық әкімдікте бесінші шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының кезекті отырысы өтті. Сессия барысында маңызды қаржылық құжат  қала бюджеті қабылданды, деп хабаралайды Skifnews.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында қала әкімі Әділбек Жақсыбеков Елбасы жолдауының маңыздылығын атап өтті.

«Көптеген сарапшылардың пікірінше, алдағы жылдары дағдарыстың өрши түсетініне қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Нұрлы жол» Жолдауында жаңа экономикалық саясатты және еліміздің дамуының негізгі бағдарын анықтағанын», – деді қала әкімі.

Ә.Жақсыбеков Елбасы жария еткен жобалардың елімізге дағдарысты еңсеруге, сондай-ақ, инновациялық және технологиялық болашаққа серпінді қадам жасауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

«2015 жылғы бюджетті қарап, тиісті түзетулер енгізу керек. Сонымен қатар, әлеуметтік кепілдемелер мен міндеттемелердің ең төмен стандарттарын толық көлемде қамтамасыз етуге міндеттіміз. Барлық пайдаланылатын бюджет қаржысын алға қойған мақсаттар мен міндеттерді шешуге бағыттау керек, олар нақты нәтижелерге әкелуі тиіс», – деді Әділбек Жақсыбеков.

Мемлекет басшысы елордамыздың дамуына баса назар аударады. Бүгінде Астанада көптеген инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. 2015 жылы 200 астам жобаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 170 млрд. теңгеден артық қаржы қарастырылды. Астана қаласының 2015 жылға арналған бюджет қоры 335,1 миллиард теңгені құрайды.

Астана ағымдағы жылды оң көрсеткіштермен аяқтайды.

«Биылғы жыл Астана үшін қолайлы болды. Елордамыз өзін-өзі қамту деңгейіне шықты. Дамудың барлық негізгі даму бағыттары бойынша жоғары экономикалық көрсеткіштер байқалады», – деді Ә.Жақсыбеков.

2014 жылғы 10 айдың ішінде өнеркәсіптік өнім көлемі 228,6 млрд. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 31,5% ұлғайды. 903,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 4,5% құрады.

2011-2013 жж. ішінде жалпы өңірлік өнім индексі бойынша жыл сайын орта есеппен 11% тұрақты өсу қарқыны байқалуда, бұл республикалық деңгейден айтарлықтай жоғары (орта есеппен  106 %).

Астана әкімі экономикалық саясаттың жаңа принциптеріне өтудің негізгі міндеттерін атап өтті. Атап айтқанда, бюджетті тиімді пайдалану, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу, көлік инфрақұрылымын жақсарту, Қабанбай батыр даңғылын модернизациялау, Астана әуежайында ұшып-қону алаңының жаңа терминалын, жаңа теміржол вокзалын салу.

Әділбек Жақсыбековтің пікірінше, қаланы дамытудың негізгі бағыттарының бірі  «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру болып табылады. «Зияткерлік көлік жүйесі», «БРТ», «Кешенді тіршілік әрекетін қамтамасыз ету жүйесі» және т.б.

Әлеуметтік саладағы мәселелерді шешуге де ерекше мән беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары