$ 447.4  477.55  4.76

Шымкенттік азамат такси жүргізушісіне қарсы қару қолданған

Оңтүстік Қазақстанда ашуға бой беріп, такси жүргізушісіне  оқ атқан азамат 3 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды, Skifnews.kz.

«Bnews.kz» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шымкентте анасымен сөзге келіп қалған таксистке оқ атқан азамат заң алдында жауап берді.

Сот отырысында оқиға желісі нақтыланды. Анасымен Шымкенттегі Молдағұлова көшесі мен Республика даңғылының бойында орналасқан «Дәмхана» кафесіне тамақтануға барған азамат анасының көңіл-күйі бұзылып, отырғанын байқаған. Анасы автокөлігін кафенің алдына қойғаны үшін таксистермен сөзге келіп қалғанын білген ол ашуға булығып, көлігіндегі травматикалық тапаншамен таксиске екі рет оқ атады да оқиға орнынан бой тасалайды.

Қылмыстық істі қараған Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты сотталушыны ҚР ҚК 257-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бірақ, ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 2 жыл сынақ мерзімін белгіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары