$ 448.15  483.46  4.86

Қостанай облысында жас жігітті азаптаған полицейлер айыппұл төлейді

Рудный қаласының тұрғыны Расим Байрамов БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті қаулысы бойынша моральдық шығынын өтету үшін облыстық ішкі істер департаментін сотқа беріп, жеңіп шықты, деп хабарлайды «Азаттық радиосы».

Қостанай қалалық соты Байрамовтың шағымын ішінара орындауға, өтемақы ретінде оған 100 мың теңге төлеуге үкім етті. 

Биыл мамырда БҰҰ-ның Женевадағы азаптауға қарсы комитеті кінәлілерді жазалап, тартқан азабы үшін жәбірленушіге тиісті өтемақы төлеу мен оны оңалту шараларын ұйымдастыруды міндеттеген шешімін Астанаға жолдаған.

«Зиян келтіргені мойындалып, мемлекет халықаралық ұйымның шешімін орындауға тырысып жатыр. Бұл - маңызды нәрсе. Адам барлық инстанциядан өтіп келіп, соны атқаруы тиіс болған мемлекеттік органға қайта оралады», – дейді адам құқығы жөніндегі бюроның Қостанай облыстық филиалы жетекшісі Анастасия Миллер.

Естеріңізге сала кетейік, Расим Байрамов 2008 жылы дүкеннен ақша мен үш бөтелке сыра ұрлады деген айыппен бес жылға сотталған. Үш жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан ол өзін полицейлер азаптап, «қылмысын мойындатқанын» айтқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары