$ 444.22  476.38  4.82

Головкин Мейвезерге лайықты қарсылас –БАҚ

Америкалық BleacherReport.com сайты Флойд Мейвезермен қолғап түйістіруге лайықты қарсыластардың тізімін жасады. Олардың қатарына орта салмақта WBA/IBO чемпионы Геннадий Головкин де кірген, деп хабарлайды Bnews.kz. 

«Геннадий Головкин әлемдік бокстың жарқын жұлдыздарының бірі. Ол адамды күлкісімен баурап алатын «жан алғыш машина». Геннадий – техникасы жоғары боксшы, алайда ол үнемі өзінің шектен тыс күш-қуатына сенеді, өйткені бұл жекпе-жек кезінде анағұрлым тиімді. 

Головкин орта салмақтағы өте мықты, жеңілмейтін чемпион, Мейвезер бірінші орта салмақтағы «қатардағы» чемпион. Сондықтан олардың арасында жекпе-жек өткізілуі әбден мүмкін. 

Мейвезерді жақтырмайтындар Геннадийдің «Р4Р» королін қалай сұлатып тастайтынын көру үшін ақшаларын аямас еді. Өз кезегінде Флойдтың жанкүйерлері сүйікті боксшыларының кезекті сиқырына куә болуға үміттеніп, трансляцияны сатып ала алады. 

Алайда мен, жеке басым мұндай болатынына сенбеймін. Мейвезер – тіпті жартылай орта салмақ аясында да денесі шағын ғана жігіт. Головкин де аса ірі емес, әйтсе де оның қуаты салмақ дәрежесінің аясынан асып түседі. 

Мен бұл қос боксшыны да өз көзіммен көрдім, сол себепті олардың сырт келбетіндегі айырмашылық жер мен көктей деп айта аламын. 

Дегенмен орта салмақ белдігі үшін өтетін жекпе-жекке Мейвезер келісуі мүмкін. Алайда бұл Альварес – Котто жұбының жеңімпазына қарсы реванш болуы да ғажап емес», – деп жазады автор. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары