$ 444.32  473.33  4.76

Семейде 30 үйді су алып, 48 адам құтқарылды

Ертіс өзеніне мұз кептеліп қалған. Нәтижесінде Восточный кентінің аулаларын су басқан. Төтенде жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«30 тұрғын үйдің ауласы мен кіреберіс жолдарын су басқандықтан ШҚО ТЖД құтқарушылары мен өрт сөндірушілері 48 адамды эвакуациялады, олардың арасында 6 бала да бар. Қазір тұрғындардың барлығы қауіпсіз жерде. Олар уақытша «Семей» және «Профилакторий Строитель» қонақ үйлеріне орналастырылды. 7 тұрғын үйден 8 адам эвакуациядан бас тартты. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - дейді облыстың ТЖД баспасөз қызметі. 

Семей ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп қоғамдық тәртіпті бақылайтын бекеттер қойылды. 

Департаменттің мәліметінше, төтенше жағдайдың салдарын жоюға 23 дана техника мен 198 адам тартылған. Семей гарнизоны мен ШҚО ТЖД күшейтілген режимге ауысты. Су деңгейін бақылау үшін 18 адам мен 2 дана техникадан ШҚО ТЖД-ның 4 бекеті, 28 адам мен 6 дана техникадан Семей ІІБ-нің 13 бекеті құрылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары