$ 506.21  568.42  6.3

Өлім жазасына кесілген жігіттің кінәсіз екені анықталды

Қытай соты қылмыстық істі қайта қарау нәтижесінде 1996 жылы өлім жазасына кесілген 18 жастағы жігіттің кінәсіз екенін анықтады. Сот жазықсыз жазаға тартылған жігіттің туған-туыстарынан кешірім сұрады, деп жазады South China Morning Post басылымы. 

Өлім жазасына кесілген Хуугджи (Huugjilt) есімді жігітке әйел адамды зорлап, артынша өлтірді деген айып тағылған болатын. Ішкі Моңғолия Жоғары соты тек 18 жылдан кейін жігіттің жазықсыз екенін анықтады. 

Мұндай жаңа үкімге қаза болған жігіттің досы Ян Фэннің (Yan Feng) мәлімдемесі арқау болған. Ол Хух-Хото (Hohhot) қаласында қоғамдық дәретханалардың бірінде әйел адамның дауысын естіген сәтте Хуугджидің қасында болған. Ян Фэн пәлесінен аулақ деп өтіп кетпек болғанда, досы бейшара әйелге көмекке келмек болған екен. Ол аз дегендей, Ян Фэн қанша рет қарсы болғанына қарамастан, болған оқиғаны баяндап беру үшін полицияға өзі хабар беріпті. 

2005 жылы бірнеше рет зорлық жасап, адам өлтірген қылмыскер Чжао Чжихун қолға түскеннен кейін Хуугджидің жазасына себеп болған әйелді зорлап, өлтіргенін мойындапты. Соған қарамастан, істі қайта қарау тек жақында ғана қолға алынған екен. Жазықсыз өлім жазасына кесілген жігіттің туыстарының мүддесін қорғаушы адвокат енді осы қателігі үшін үкіметтен өтемақы талап етуге оқталып отырғанын жеткізді. 

Ішкі Моңғолия Жоғарғы соты көңіл айту ишарасы ретінде қаза болған жігіттің отбасына 30 мың юань (38 мың доллар) көлемінде жәрдемақы жөнелтті.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары