$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстан Пәкістанның Пешавар қаласында болған лаңкестік әрекетті қатаң түрде айыптайды

Қазақстан 2014 жылдың 16 желтоқсанында Пәкістанның Пешавар қаласында  жүз қырықтан астам адамның өліміне себепкер болған лаңкестік әрекетті қатаң түрде айыптайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Пәкістан үкіметіне, қаза тапқандардың отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз және жарақат алғандарға тезірек сауығып кетуін тілейміз. Бейкүнә балалар мен ұстаздардың өлімі жиіркендіреді және ашу-ыза тудырады. Бұл ‒ лаңкестердің адамгершіліктен ада екенінің көрінісі болып табылады», ‒ делінген хабарламада.

Қазақстан лаңкестіктің кез-келген сипаты мен көрінісін айыптайды, осы құбылыспен дәйекті түрде күресу үшін әлем қауымдастығының бірлескен күш-жігерін қолдайды және жедел түрде халықаралық лаңкестікпен күрес бойынша жалпыға ортақ Конвенцияны қабылдауға үндейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары