$ 448.89  477.93  4.76

АҚШ Президенті Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АҚШ Президенті Барак Обама Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Вашингтоннан 24.kz  хабарлады.

Мемлекеттік хатшы Джон Керри өзінің арнайы мәлімдемесінде президент Барак Обама мен АҚШ халқының атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған сәлемін жеткізді.

«АҚШ – 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін таныған ең алғашқы елдердің бірі. Содан бергі 23 жыл ішінде біздің өзара достығымыз тек нығайып келеді. Біз экономика, энергетика және қауіпсіздік салаларынлдағы өзара байланыстарымызды бекіте түсуге мүдделіміз. Бұған қоса Қазақстанның үкіметтік органдарымен азаматтық қоғам, жекеменшік сектор мен адам құқықтарын ілгерілету, сондай-ақ демрократиялық болашақ қалыптастыру жолында бірігіп жұмыс жасай беретін боламыз. Осынау ұлық күнде алда келе жатқан жаңа жылдан Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тілеймін», ‒ делінген құттықтауда.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары