$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады

Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың қалған аумағында күн ашық болады.

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі деп болжанулда.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Алматы облысы Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде кей жерлерде тұман түседі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары