Канаданың Торонто қаласында таң қаларлық жағдай орын алды. Жол апатынан қайтыс болған әйел жерлеу рәсімі кезінде табытта жатып босанған деп жазады VistaNeus.
Басылымның хабарлауынша, қайтыс болған әйел жүктіліктің жетінші айында болған. Ол өз көлігімен ауруханаға бара жатып, жолда апатқа ұшырапты. Кеуде тұсынан ауыр жарақат алған ол оқиға орнында қайтыс болды. Дәрігерлер әйелдің ішіндегі баланың да көз жұмғанын тіркеген. Мұнан кейін мәйіт 17 сағат бойы мұздатқыштың ішінде жатып, кейін тағы 6 сағат үйінде болған.
Келесі күні өткен жерлеу рәсімінде адам таң қалатын жағдай орын алды. Туыстары табытты көрге түсіріп жатқанда оның ішінен жылаған баланың дауысы естілген. Дереу табыттың аузын ашқан олар қайтыс болған әйелдің босанғанын көріп, абдырап қалыпты. Оқиға орнына дереу жеткен дәрігерлер де аң-таң, олар баланың ұзақ уақыт бойы жатырда ауасыз аман жатқанын түсіндіріп бере алмауда.
Қазір сәби арнайы инкубаторда жатыр.