$ 447.4  477.55  4.76

Семейде жел ұшырып әкеткен ақшаны қағып алмақ болған қыз көпірден құлап кетті

Семейде қолындағы ақшасын жел ұшырып әкеткен қыз оны ұстамақ болып көпірден құлап кетті. Абырой болғанда, ол ағашқа ілініп, аман қалған. Бұл туралы "Устинка LIVE" басылымы хабарлап отыр.

Оқиға 25 мамырға қараған түні орын алыпты. Алғашқыда куәгерлер жас қызды суицид жасаған шығар деп ойлаған.

"Сағат 23:30-да 102 номеріне қала тұрғындарының бірінен қоңырау келіп түсті. Ол көпірден қыз баланың секіріп кеткенін айтты. Оқиға орнына дереу полиция орталық бөлімінің шұғыл тергеу тобы жетті. Тәртіп сақшылары 1995 жылғы қыздың суицид жасамағанын анықтады. Ол өзінің де ешкімге шағымы жоқ екенін айтқан", - дейді Семей қалалық ІІБ-нің баспасөз хатшысы Елубек Оспанов.

Кейінірек анықталғандай, көпірдің үстімен кетіп бара жатқан қыздың қолынан ақшасы ұшып кеткен. Бойжеткен оны қағып алмақ болып артынан қуған кезде тепе-теңдікті сақтай алмай, көпірден ауып кетіпті. Абырой болғанда, ол ағаш бұталарына ілініп, айтарлықтай жарақат ауыр жарақат алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары