$ 449.58  486.94  4.86

Таразда автобус пен КамАЗ соқтығысып, 24 адам жараланды

Таразда жолаушылар автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 24 адам ауруханаға жеткізілген. Оқиға бүгін таңертең сағат 10:00 шамасында орын алды.

Бірнеше күн бұрын қалада болған дауылды желден кейін апат болған қиылыстағы бағдаршам істен шыққан екен. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылары бар автобус басты жолмен келе жатқан. КамАЗ болса қоғамдық көлікке жол бермей, салдарынан екеуі соқтығысыпты. Оқиға орнына келген жедел жәрдем станциялары 24 адамды Тараз қалалық №1 ауруханаға жеткізген.

"Жол апатынан кейін жолаушылардың барлығы шұғыл ауруханаға жеткізілді. Олардың 4-і жатқызылып, қалғандары үйлеріне жіберілді. Барлығы 24 адам келді. Жарақат алған 18 жастағы бойжеткенге операция жасалды, тағы бір науқастың иығы сынған. Олардың жағдайлары тұрақты", - деді Тараз қалалық №1 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары