$ 447.4  477.55  4.76

Астанада экспресс-бағыттағы автобустарда жеңілдетілген жол жүру ақысы енгізілді

Елорданың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, қоғамдық көліктің экспресс-бағыттарында (№ 52э, 53э және 54э автобустарында) жекелеген тұрғындар үшін жеңілдіктер енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2014 жылғы 23 желтоқсаннан бастап жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігіне қатысты өтініш-тілектердің көп болуына байланысты тиісті санатқа жататын азаматтар үшін жолақы құнына 50% (60 теңге) жеңілдік жасалады.


Қоғамдық көліктердің экспресс-машруттарында 50 пайыздық жеңілдік келесі санаттарға жататын азаматтар тиісті куәлігін көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады: 

– ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;
– І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;
– көп балалы отбасылар;
– көп балалы аналар;
– жасы мен еңбек еткен жылдарына қарай зейнетке шыққандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары