$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда 22 жастағы жігіт жоғалып кетті

Алматы қаласының Түрксіб аудандық Ішкі істер басқармасындағылар із-түссіз жоғалып кеткен 1995 жылғы Арман Нұржанұлын іздестіріп жатыр деп жазады Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Арман Нұржанұлы 1 маусымда үйінен кетіп, сол күйі оралмаған.

Туыстарының айтуынша, Арман ЖОО-ның соңғы курсында оқиды екен. Ол 2 маусым күні дипломдық жұмысын қорғауы тиіс болған. Алайда, бір күн бұрын үйінен кетіп, сол күйі оралмапты.
"Таңертең әдеттегідей университетке кетіп, кешке оралған жоқ. Біз оның барлық достарынан, таныстарынан сұрап шықтық, ешқайсысы білмейді. 1 маусым күні оны мүлдем ешкім көрмеген. Яғни, Арман сол күйі университетке бармаған. Үйден кетіп қалатындай ешқандай себеп болмады. Соңғы кезде оның мінезінің өзгеруін де байқаған жоқпыз. Күнделікті оқуына барып-келіп жүретін", - дейді Арманның әпкесі Майгүл Сағымбекова.

Арман үйінің кенжесі, оның екі әпкесі бар. Оқуын бітірген соң өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуды жоспарлап жүрген екен. Полицейлер болса оны қазір жан-жақты іздеп жатқандарын хабарлап отыр.

Арман Нұржанұлының белгілері: бойы 180-185 сантиметр, арықтау келген. Үстінде сұр түсті жейде, джинс болған, қара түсті аяқкиіммен кеткен. Полиция қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды:  298-54-01; 298-54-02; 8-708-093-01-33; 8-702-308-36-13 және 8-707-581-23-90.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары