$ 446.49  475.38  4.79

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Облыс әкімінің 2014 жылғы 23 желтоқсанындағы № 585-ө өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына Кенжеханұлы Рауан тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кенжеханұлы Рауан 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін - халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын – іскерлік әкімшілік мастері мамандығы бойынша, сондай-ақ, АҚШ-тағы Гарвард университетінің Халықаралық қатынастар орталығының Дж. Кеннеди атындағы Басқару мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Ұлттық дебат орталығында координатор ретінде бастаған. 2002-2005 жылдары «Хабар» агенттігінің Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының редакторы, Ресей Федерациясы бойынша меншікті тілшісі, 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде Екінші хатшы, Бірінші хатшы, 2006-2009 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Маңғыстау облыстық филиалының директоры, Маңғыстау облысы әкімінің қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі, 2010-2011 жылдары АҚШ-тағы Гарвард университетінде лингвистика департаментінің оқытушысы болып қызмет атқарған. 2011 жылдан осы кезге дейін «Bilim Media Group» компаниясының директоры қызметін атқарып келді

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары