23.12.2014, 12:25

Қазақстандық спортшы Бейбіт Назаров Жапониядағы жарыста жеңіске жетті

Сурет,boxingnews.kz

Қазақстандық «AlemFighters» клубының спортшысы Бейбіт Назаров Токиода өткен «RealFight 1» ММА жарысында жапондық Юки Ишихараны тізе бүктірді. Бұл туралы MMA Asia-ға сілтемемен boxingnews.kz порталы хабарлады.

Бейбіт жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ өзін сенімді ұстап, қарсыласынан шеберлігін асыра білді. Екі раундтық жекпе-жектің қорытындылары бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

Өкінішке қарай, қазақстандық клубтың басқа өкілдері – Бауыржан Қуанышбаев пен Асқар Үмбетов ұтылып қалды. Қуанышбаев екінші раундта жапондық Тошиказу Сузукиден техникалық нокаутпен жеңілсе, Асқар Үмбетов екінші раундта Казуюки Миятаға жол берді.